Грек-рим стиліндегі қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда біздің отандасымыз тартысқа толы бәсекеде жапон спортшысы Катсуаки Эндодан жеңілді.

Бұл XIX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.