Қазіргі уақытта салада мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.

Елімізде педагогтердің ерекше мәртебесі жеке заңмен бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша төрт жылда педагогтердің жалақысы 100%-ға өсті. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға өсті.

Әр адамның өмірінде мұғалім ерекше рөл атқарады: білімнің таңғажайып әлемін ашады, ойлануды және зерттеуді, мамандық меңгеру негіздерін үйретеді, жаңалықтар ашып, тәжірибе жасауға шабыттандырады.

Бізге білім беріп қана қоймай, тәуелсіз, жауапты, бастамашыл болуды үйреткен алғашқы ұстаздарымыз бен тәлімгерлеріміз бәріміздің де жадымызда.

Мереке құтты болсын, құрметті ұстаздар!