Тас жолдағы веложарыстың топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Евгений Федоров алтын, Алексей Луценко күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. 

«Бүгін еліміздің велоспорты үшін айтулы күн. Велошабандоздарымыз жоғары деңгей көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын»,- деді министр Ермек Маржықпаев.