Елімізде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау инистрі Ажар Ғиният хабарлады.
Сондай-ақ министр бөліскен ақпаратқа сәйкес, Гамма-пышақ орталығында ашылған сәттен бастап мыңнан астам операция, ал 2023 жылы – 233 операция жасалды. Бір операцияның құны – 1,7 млн теңге. Атап өтерлігі, Гамма-пышақ орталығы кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, жалпы хирургиялық және орталық нерв жүйесінің ауруларын радиохирургиялық емдеуді жүзеге асырады.
Қазақстан фармацевтикалық отандық өнім өндірісін арттырады. Бүгінгі күні жергілікті фармөнімдердің үлесін 2029 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 2019 жылдан 2023 жылға дейін екі есеге өскен. Бұл осы бағыттың жоғары әлеуетін көрсетеді, деді сала басшысы.
Шетелдік қатысумен инновациялық препараттардың орнын айқындау бойынша бірқатар жобаларды іске асыру үшін министрлік екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде: бұл нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және BIGPHARMA компанияларын тарту болып табылады.
«Бұдан басқа бірегей дәрілік заттарды келісімшарттық өндіруге тапсырыс берушілермен он жылға дейін заң бойынша создық», – деп мәлім етті министр.
Сондай-ақ сала басшысы Қазақстан аумағында Рош, Астра Зенека, Пфайзер, Ново Нордиск, Дженерал Электрик және т. б. сияқты шетелдік компанияларды өндіріске тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.