Бүгін ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деп мәлімдеді. Еліміздегі креативті индустрияны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған сала басшысы креативті дамытуды тек пайда үшін ғана қарастырмау керектігін айтты. 

«Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасына сәйкес, шығармашылық және мәдени салалар қоғамымыздың инклюзивті және тұрақты дамуымызға айтарлықтай әсер береді. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көп үлесін тигізеді. Сондықтан Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін айтты. Ол өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойды», - деді министр.