Креативті индустрияға тың серпін беру үшін бірқатар заңнамалық құжаттарға өзгерістер енгізу қарастырылып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Ведомство өкілдері креативті индустрия өкілдерімен бірнеше кездесу өткізіп, ол кездесулерде саланы дамыту үшін институционалды инфракструктура мен мемлекет мүлкін пайдаланудың механизмдерін жасау жайы талқыланды.
«Қазіргі уақытта сарапшылар және индустрия өкілдерімен бірге авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірқатар новеллаларды, креативті индустрия өкілдерін қолдау шаралары мен преференцияларды, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттер беруді көздейтін креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланып жатыр», - деді министр.
Бүгінде нәтижелі креативті хабтар жасақтау үшін өңірлерде креативті индустрияны қолдау жөніндегі іс-шаралар мен қолда бар инфрақұрылым туралы қажетті ақпаратты жинау жүзеге асырылып жатыр.