Атқаратын жұмыс көп. Креативті экономика дамып, өркендегенімен, біз оның даму барысын қазір ғана мемлекеттік деңгейде қарастырып, жеделдететуді қолға алдық Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
«Қазақстан экономикасына креативті индустриялардың үлесін ұлғайтуды 2025 жылы 5%-ға (2023 жылы – 4,07%, 2024 жылы – 4,53%), креативті индустрияларда жұмыспен қамтуды 2025 жылы 4%-ға дейін арттыруды (2023 жылы-3,8%, 2024 жылы – 3,9%) жоспарлап отырмыз, креативті индустриядағы шағын және орта бизнестің үлесі 2025 жылға қарай 1,5 есеге ұлғаяды (2023 жылы – 66 мың, 2024 жылы – 73 мың). Оған қоса, осы уақытқа дейін креативті технологияларды дамыту есебінен отыз мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Ал креативті индустриялар өнімдерінің экспорты екі жүз млн долларға дейін өседі», – деді Аида Балаева.
Министрдің сөзінше, креативті индустрия – біздің өңірлерімізді де, тұтастай алғанда елімізді де дамытудың кешенді шарасы. Ал медиа, мәдениет пен креативті саланы біріктіру кешенді және жүйелі жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Басты міндет – осы бағытты дамыту жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру үшін барынша күш-жігер салу.