«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 77 жоба жүзеге асырылып жатса, соның 45-і аяқталды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Жобаларды жүзеге асыруға барлығы 9,5 млрд теңге, оның ішінде Ұлттық қордан – 4,2 млрд теңге, облыстық бюджеттен – 5,3 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері қолға алынған жобалар аясында 210 жұмыс орны құрылды.
Бағдарлама нәтижесінде 24 әлеуметтік нысан, оның ішінде 7 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 10 спорт және мәдениет нысаны, сондай-ақ 1 әлеуметтік қорғау мекемесі пайдалануға берілмек. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы саласында 33 жоба жүзеге асырылады.