Алғашқы көмек тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымдарында көрсетіледі. 2 мыңнан астам тексеру кабинеті және 500-ден астам дәрігер-онколог кабинеті жұмыс істейді.
Онкопатологияның ерте диагностикасы онкологиялық қызметтің тиімді жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
«Соңғы жылдары бұл көрсеткіштің өсуі байқалады және бүгінде ол шамамен 30%-ті құрайды. Бірқатар өңірлерде (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысы, Жетісу облысы және Алматы, Астана қалаларында) бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары және 33% деңгейінде. Диагнозды ерте анықтау 5 жылдық өмір сүру ұзақтығын 90%-ке дейін арттырады. Асқынған жағдайларда 5 жылдық өмір сүру деңгейі 20%-тен аспайды. Өршіген диагностика – бұл визуалды түрде байқалатын 3-4 кезеңдер – ел бойынша 12%. Елімізде онконауқастардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы - 55%», – деп мәлім етті ведомство өкілі.
Қатерлі ісік пен қатерлі ісікке дейінгі жағдайларды уақтылы анықтау үшін скринингтік бағдарламаларды жүргізу қажет. Бүгінгі таңда елімізде скринингтің 3 түрі (жатыр мойны обыры, сүт безі обыры және ішек обыры) жүргізіледі. Олардың емханада уақтылы өтуі өте маңызды.