Бүгін - Нан күні. Нан - әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі.
Қазақстанда астық өнімдерінің маңыздылығын және нан өндірісіне қатысы бар мамандардың мәртебесін көтеруге арналған мерекелік күн 2019 жылы бекітілді.
Нан өсірушілердің, ұн тартушылар мен наубайшылардың, аспазшылардың еңбегінің арқасында дастарханымызда күн сайын хош иісті, қытырлақ нан тұрады. Бұл дәмді әрі пайдалы, сонымен қатар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды өнім.
Қазақ халқында «Ас атасы – нан» деген мақал бар.
Биыл отандық диқандар 13,6 млн тонна астық бастырды, бұл елді ұнмен және нанмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылдың ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсетіледі.
Нан өндіру оңай еңбек емес, қайырымды және құрметті кәсіп.
Мереке құтты болсын!