Оның айтуынша, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын, көпшілік асыға күтетін телетуынды «Келінжан» сериалы 2018 жылдан бастап түсіріліп, бес маусымда 126 сериясы көреренге жол тартқан.
«Әр маусымы –тарих, әр акейіпкері – бір төбе... Көрсеткіштері жақсы екені өз-өзінен түсінікті. Мысалы, қырүйек айынан бастап бес апта бердік. Орташа көрсеткіші 13,1% болды. YouTube-те одан да көп, жалпы жиыны 300 миллион қаралым болған. Соңғы бесінші маусымның өзін 51 миллионнан астам қаралым жинады», – деді Ж.Жақсылықова.
Сондай-ақ, телехикаяның алғашқы төрт маусымы халықаралық дистрибуцияда да үлкен сұранысқа ие болған. Мысалы, ресейлік платформадағы рейтингі 8,3-ке жеткізіп, көрерменнің оң бағасын алған.
«Хабар» телеарнасының директоры сонымен қатар, «Келінжан» сериалына кәсіби тұрғыда да баға берілгенін атап көрсетті. Былтыр көктемде отандық телехикая «Наурыз» фестивалінде «Тұмар» сыйлығының иегері атанғаны белгілі.