«Келінжан» – өміршең сериал. Сондықтан ол жалғасын таба береді деп ойлаймын. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Келінжан-2» толықметражды туындысының үлкен экранға шығуына арналған баспасөз конференциясында басты кейіпкерді сомдаған актриса Дариға Бадықова осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл кинотуындының ерекшелігі көрерменінің жасында шектеу жоқтығында.
«Төрт жастағы балаға дейін Айсара деп жүгіргенде, Асылым, Балқия деп жүгіргенде актерлардың ғұмыры көрерменмен бірге қартаятын құсап тұрады», – деп жеткізді өз ойын актриса.
Сондай-ақ Д. Бадықова «Келінжанды» ешқандай фильмге, сериалға бәсекелес деп қарастырмайтынын айтты.
Оның пікірінше, бұл өзінің орнын алатын фильм және оны өміршең қып жеткізгені үшін барлық әріптестерне алғыс білдірді.
Атап өтерлігі, «Келінжан-2» туындысы 19 қазанда кинотеатрларда көрсетіле бастайды.