Паралимпиадашыларды спорттық киіммен кім қамтамасыз етеді? ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында журналистер осындай сұрақ қойды. 

Туризм және спорт вице-министрі ол сауалға «қазақстандық өндірушілер» деп жауап берді. 

«Біз мемлекеттік сатып алуларда Қазақстан Республикасының заңнамасын ұстанамыз және оған сәйкес ұлттық командалар бірінші кезекте қазақстандық мазмұндағы тауарлармен қамтамасыз етіледі. Заңнамаға сәйкес біз қазақстандық өндірушілердің киім-кешегін, спорттық формаларын сатып алуымыз керек. Бұл жағдай Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне қолдау көрсету мақсатында қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес ұлттық командаларға арналған киім-кешек бір көзден баламалы тәсілмен сатып алынады. Паралимпиадалық ұлттық командаларға арнап дәл осы әдіспен өндірушілерден спорттық формалар сатып алынды. Олар көп емес, нақты айтатын болсақ, бұл ZIBROO брендімен «ҚазСПО-N» ЖШС», – деп жауап берді Сәрсен Құранбек.