Ведомствоның қолдауымен Астана медицина университеті, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы және BGI Group компаниясы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум жасалды, оның мақсаты елордада аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуде геномдық технологияларды әзірлеу, енгізу және жетілдіру үшін геномдық зерттеулер институтын құру болып табылады.
BGI Group – медициналық-биология ғылымдары мен геномика саласындағы әлемдегі жетекші ұйымдардың бірі. Оның әлем бойынша 100-ден астам елде бизнесі бар.
Сондай-ақ, Астана медицина университеті мен жоғары өнімді заманауи радиологиялық жабдықтар мен сәулелік терапияны әзірлеуге және өндіруге маманданған, сондай-ақ радиология саласындағы зияткерлік цифрлық шешімдерді (AI) әзірлеумен айналысатын Shanghai United Imaging компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Shanghai United Imaging Healthcare компаниясымен Астана Медицина Университетінде радиология және телемедицина бойынша тренинг орталығын ашуға келісті. Аталған тренинг орталығының шеңберінде әлемнің үздік мамандары дәрігерлер, оқытушылар мен студенттерге арналған тренингтер өткізеді.
Жоғарыда аталған барлық серпінді жобалар ҚР халқын диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған.