Оның айтуынша, бұл бағытта Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс - қимыл жоспары , Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары бекітілген. Оның шеңберінде табиғат қорғау және орман мекемелерінің жарақтандырылуы 100%, ТЖМ – 95%-ке дейін материалдық-техникалық деңгейді нығайту жоспарлануда.

Бұған қоса, Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісім бекітілді, оған сәйкес орман өртінің туындағаны туралы алғашқы хабарлама бойынша жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінің кезекші қарауылын сөзсіз тәртіппен жөнелту жүзеге асырылады.

Орман өрттерімен қатар маусымдық төтенше жағдайлардың  алдын алуға ерекше назар аударылады, деді министр. Бұл ретте су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол карталарын іске асыру, сел, көшкін және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспары өзінің тиімділігін көрсетеді.

Сондай-ақ маусымдық төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдері жыл сайын Үкіметтің, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның, облыстық және аудандық комиссиялардың отырыстарында қаралады. Практикалық дағдылар жыл сайынғы оқулар мен командалық-штабтық жаттығулар аясында пысықталады.