Оның мәліметінше, соңғы үш жылда республика бойынша 65 тұрғын үй, 121 мектеп, 90 денсаулық сақтау нысаны, 40 мектепке дейінгі мекеме және 33 қоғамдық-өндірістік ғимарат сейсмикалық күшейтілді. Ал 2020 жылдан бастап Алматы қаласында қатты жер сілкінісі туралы халықты ерте хабардар етудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде.

«Өткен жылы жүйенің бірінші кезеңін 11 станция орнатумен енгізу жұмыстары аяқталды Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 17 станцияның құрылысын аяқтау жоспарлануда», – деп есеп берді сала басшысы. 

Министр техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу да маңызды бағыт болып табылатынын атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстанда, өнеркәсіптің жоғары қарқынының дамуымен елдің жекелеген өңірлерінде апаттар қаупі жоғары деңгейде қалып отыр.

«Биыл қауіпті өндірістік нысандарда 15 апат тіркелді, 27 адам зардап шекті, 9 адам қаза тапты. Негізгі себептер болып – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бұзылуы, пайдаланылатын жабдықтың тозуы, өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі болып табылады», – деп мәлім етті министр.