«DIGITAL BRIDGE 2023 алаңында өткен маңызды іс-шарада Әділет министрлігі Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрге «Цифрлық нотариат» жобасын таныстырған болатын. Президентке енді азаматтарға сенімхаттарды, ерлі-зайыптылардың келісімін нотариаттық растау үшін нотариустардың кеңселеріне барудың қажеті жоқ екендігі баяндалды. Бұл қызмет түрлерін смартфон арқылы алуға болады. Нотариаттық процестердің қауіпсіздігі мен заңдылығын қамтамасыз ету кепілі ретінде клиентті биометриялық сәйкестендіру технологиясы, смс-код және электрондық-цифрлық қолтаңба түріндегі екі факторлы аутентификация қолданылады», – деп бөлісті министрлік өкілі.

Оның мәліметіне сәйкес, «Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылған сәттен бастап 20 мыңнан астам сенімхат, ал ерлі-зайыптылардың 609 онлайн келісімі расталған.

Вице-министр нотариаттық іс-әрекетке байланысты «eGov mobile» қосымшасы арқылы онлайн форматта кеңес алу мүмкіндігі туралы да баяндап берді. Азаматтар нотариаттық іс-әрекетке байланысты кез келген заңды сұрақтарды қоя алады, деп атап көрсетті ведомство өкілі.