Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ведомствоның құзіретіне жататын барлық қызметтер egov.kz.сайтында қолжетімді екенін мәлім етті. Ол бөліскен мәліметке сәйкес, бүгінде EgovMobile-да министрліктің 29 мемлекеттік қызметі, 14 сервисі және 5 цифрлық құжаты бар.

«Қаңтар айында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызмет автоматтандырылды. Осындай жұмысты заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметтер бойынша жүргізу жоспарлануда», - деді ведомство өкілі. 

Қазақстандық бірнеше банктің қосымшаларына енгізіліп, көрсетілген қызметтер арасынан спикер неке тіркеу, бала туу туралы куәлік алу, заңды тұлғалар туралы мәлімет және жылжымайтын мүлік мәлімет алуды атады. МИБ төрағасын ауыстыру қызметі де цифлық форматта қолжетімді етілді.

«Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде смартфондардың ыңғайлылығын ескере отырып, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады», – деп хабарлады әділет вице-министрі.