Ерұлан Жамаубаев бірқатар мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.

Отырыс барысында жеке деректерді қорғау саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері мақұлданды.

Сонымен қатар кедендік төлемдер мен салықтар сомасының белгілі бір пайызын есептеу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері мақұлданды.

Отырысты қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға реттеудің жаңа құралдарын енгізу мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдері үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.