Біріншісі, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді аудандық және ауылдық деңгейлерде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау.
«Екіншісі, Агенттік келісімі бойынша конкурссыз «Б» корпусының басшы лауазымдарына тікелей тағайындау. Бұл жеке және квазимемлекеттік секторлардан салалық тәжірибесі бар білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Үшіншісі, Мемлекеттік басқару академиясының оқу барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген түлектерін өңірлік органдарға конкурссыз тікелей тағайындау. Бұл жаңашылдықтар қызметшілерді кәсіби дамуға көңіл бөліп, Академияға оқуға түсуге ынталандырады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында беделін арттыруға ықпал етеді. «Б» корпусын тағайындау туралы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін агенттік келісімі бойынша мемлекеттік органдарда осындай 200-ге жуық басшы тағайындалды. Сондай-ақ, Академия мен жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің ішінен конкурстық іріктеусіз 71 адам лауазымға тағайындалды», - деді спикер.