Бұл институт цифрландыру, таланттарды іздеу, ассессмент, HR-оқыту және сертификаттау, сондай-ақ персоналды дамыту мәселелерімен айналысады. Персоналды басқару қызметкерлерін кәсіби оқыту және сертификаттау көзделуде, сондай-ақ оларды операциялық процестерден барынша босату үшін «Е-қызмет» жүйесінде барлық процестер цифрландырылды.

Сонымен қатар агенттік жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселесіне ерекше назар аударуда. Осы жылдың қыркүйек айында Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеу басталды. Қазіргі уақытта іріктеудің алғашқы үш кезеңі аяқталды. 

«13 қазанда Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында Мемлекеттік басқару академиясының базасында оффлайн режимде өтетін «Құзыреттілікті бағалау» кезеңіне жіберілген 244 үміткердің тізімі жарияланды. Өткен әр кезеңдегі өту балы қатысушылардың жалпы саны ескеріле отырып, көрсетілген нәтижелерге қарай кему ретімен нәтижелерді саралау арқылы қалыпатсты. Бұл ретте жіберілетін қатысушылардың шекті саны іріктеу тәртібімен регламенттелген», – деді спикер. 

Агенттікпен Президенттік жастар кадр резерві жобасын жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Былтыр желтоқсан айында Президенттің резервтен шығару тәртібін реттейтін Жарлығы қабылданды.