«Бір қызығы, осы бағдарлама аясында Алакөлде демалуды орта есеппен үш баласы бар отбасылар таңдайды. Олардың арасында алты, жеті жəне тіпті тоғыз баласы бар отбасылар пайдаланған», - деп хабарлады спикер.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама бойынша туроператорлардан көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Соның бірі – топпен саяхатқа шыққан балаларға қатысты да бұл шараны пайдалануға мүмкіндік беру жағы қарастырылып жатыр. 

«Мысалы, егер сынып жетекшісі 20 оқушыны алып, Қазақстанның басқа аймағына барса, олардың қастарында ата-аналарының бар-жоқтығына қарамастан, тегін ұшуды пайдалануға мүмкіндік беру. Біз бұл шараны толықтай қолдаймыз. Қазір депутаттармен пысықтап жатырмыз. Қарсылық болмаса, келесі жылы бұл тетік қолжетімді болады», - деп бөлісті вице-министр.