Қазақстандағы алғашқы азаматтық форум осыдан 20 жыл бұрын өтті. Осы уақыт ішінде елімізде азаматтық қоғам құру саласындағы өзгерістерді білу үшін Қазақстанның Азаматтық Альянсы еліміздің 20 аймағында өңірлік азаматтық форумдар ұйымдастырды. Алайда әр өңірде бөлек-бөлек тақырыптармен өткендіктен, оның әрқайсысын ерекше деп атауға болады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева осылай мәлім етті. 

«Әрбір форумға эксперттер республика көлемінен жиналды. Мысалы, Жетісу облысында «Өзін-өзі басқару», «Осы мәселе қала шешіліп жатыр?», «Неге бізге керек заңнама болмай жатыр?» деген әңгімені көтеріп, эксперттер өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. «Жастар саясаты, оны қалай өзгерту керек, жастарды белсенділікке тарту керек» деген әңгіме Шымкент қаласында өтті, біздің үкіметтік емес ұйымдар халықаралық деңгейде қандай жұмыстар жасап жатыр?» деген мәселе Қостанай өңірінде қаралды. Инклюзия мәселесі Батыс Қазақстанда, мәдениет, салт-дәстүрді Маңғыстау, Қызылорда өңірлерінде талқыладық», – деп бөлісті Б. Нұрғазиева. 

Оның мәліметіне сәйкес, өңірлік форумдарға офлайн форматта 5 мыңдай адам қатысып, 400-ден аса ұсыным берілген. Сол ұсынымдар бойынша министрліктерде кездесулер өткізілуде.