Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады. Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Балх провинциясы губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін атап өтті.