Өткен демалыс күндері Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының маңызды көлік инфрақұрылымы нысандарын аралады.

Марат Қарабаев елімізде бұрын-соңды реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 856 шақырым жол пайдалануға берілетінін хабарлады. Оның айтуынша, биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен жалпы 11 мың шақырым қамтылған.

«Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында, Талдықорған-Өскемен, Астана-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылатынын атап өткіп келеді. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі», - деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ ол облыс тұрғындары жиі көтеретін «Орал-Каспий каналында» түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы сұраққа жауап берді.

«Біз облыс орталығынан өтіп жатқан Орал өзенінің Каспийге құятын жерінде жұмыс жүргізуіміз керек. Тиісті бюджеттік өтінімді Премьер-Министр қолдады. Сондықтан біз тереңдету қажет жерлерді көруге келдік. Олардың жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Биыл және келер жылы аталған бассейнді сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар басталады», - деді министр.