Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы белгілі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы Мемлекеттік сыйлық «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді.

Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.