«Іс-шара аясында өңірлік кітапханалар үздік заманауи кітапханалық жобаларымен таныстырды. Жобалар көрмесі кітапханалар арасында тәжірибе алмасу тұрғысынан өте тиімді болды деп санаймыз», - деп мәлім етті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.
Оның айтуынша, іс-шарада кітапхана саласының дамуына айрықша үлес қосқан, ұзақ жылдар нәтижелі еңбек еткен 179 кітапхана қызметкерлері Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
«Ел Президенті бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз даму мүмкін емес екенін, соған сәйкес электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан еді», - деп атап көрсетті спикер.