Оның айтуынша, алдын-ала болжам нәтижесіне сәйкес 2030 жылға қарай кітапхана қызметкерлері бойынша қажеттілік 7 мыңға жуық адамды құрайды. Аталған көрсеткіш 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда 75 пайызға жоғары.
«2023-2024 оқу жылына «Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі» білім беру бағдарламаларының топтарына 100 білім беру гранты бөлінді. Осы орайда, өткен жылы кітапхана ісі бойынша білім беру грантының саны 20 ғана болатынын айта кеткіміз келеді. Яғни, биыл 5 есеге арттырдық», - деп мәлім етті салалық министрлік өкілі.