«Бүгінде электрондық сақтау, порталдың технологиялық платформасы және Электрондық мемлекеттік кітапхана қоры болып табылатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы автоматтандырылған ақпараттық кітапхана жүйесі жұмыс істеп тұр. Электрондық ресурстың жалпы көлемі 70 000 астам құжаттардың цифрлық көшірмесін құрайды. Жыл сайын порталға әлемнің 100 елінің пайдаланушылары кіреді. Көшбасшы елдер қатарында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия бар», - деп мәліметпен бөлісті спикер.
Оның ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы көрсеткіштер бойынша порталға 260 458 пайдаланушы кіріп, 554 439 рет қаралып 701 069 құжат жүктелген.
Сондай-ақ спикер Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасын дамыту жұмысы аясында, ҚР «Мәдениет туралы» заңында қарастырылған Қазақстан кітапханаларының бірыңғай жиынтық каталогын құру, бірыңғай электрондық оқырман билетін енгізу және биллингтік жүйесі жүзеге асырылатынын хабарлады.