Нысан заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр секцияда ас, жатын, жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия форматына сәйкес арнайы бөлмелер мен мүгедектігі бар білім алушыларға 16 орын жасақталған. Бұдан бөлек, студенттер үйінде фитнес залы, дәріхана, медициналық пункт, кафетерий және мұғалімдер мен кезекшілерге арналған бөлмелер пайдалануға берілмек. Жатақхана аумағы толық абаттандырылып, спорт алаңы тұрғызылды.

Жаңа жатақхана Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының 89-тармағында көрсетілген «Студенттік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешу» тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.