«Ұлттық қордан» жинақталған қаражат бала 18 жасқа толған кезде уәкілетті операторларға өтініш бергеннен және шот ашқаннан кейін көрсетілген шотқа аударылады. Ал 18 жасқа толғанға дейін балалар «қатысушылар» болып есептеледі, кәмелетке толғаннан кейін «Алушылар» санатына көшеді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында хабарлады. Сондай-ақ, ол алушылар ретінде заңды өкілдер мен мұрагерлер де бола алатынын жеткізді.
«18 жасқа толған кезде жинақталған қаражат баланың айрықша меншігі болады... Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару мүмкіндігі бар.Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан кезде төлемдерге талап қою құқығы да жойылады», - деп мәлім етті салалық министрліктің өкілі.
Сонымен бірге, спикер шоттардағы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын сақтау үшін жобаның операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы айқындалғанын хабарлады.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!