Көлік министрі Марат Қарабаев көлік дәліздері бойынша пленарлық және панельдік сессияға қатысты.
«Біз тиімді транзиттік трансконтинентальдық дәліздер мен маршруттар желісін құрдық. Шығыс-Батыс бағыты бойынша Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі арта түсті. Бұған 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕО, ОА және ҚХР арасындағы жүк тасымалы көлемінің екі есе өсуі дәлел», – деді Марат Қарабаев.
Сондай-ақ ол 2017 жылдан бастап Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Румыния, Польша және Болгарияның қатысуымен Халықаралық ТХКМ қауымдастығы жұмыс істейтінін атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл күндері Австрия, Германия, Литва, Латвия, Эстония және Венгрия аталған көлік маршрутына кіруге қызығушылық танытып отыр.