«ҚР жоғары оқу орындарында оқуға 100% жеңілдікпен 3000 орын бөлінді. Оның ішінде 350-і – әскери оқу орындарынан бөлінді, қалғаны – азаматтық оқу орындары», - деп хабарлады ведомство өкілі.
Сонымен бірге ол барлық мерзімді қызмет сарбаздарының және олардың қызмет ету кезеңіндегі бағалары «Срочники 2,0» платформасында көрсетілетінін хабарлады.
«Ай сайын барлық пәндер бойынша әскери қызметшінің ағымдағы бағаларының рейтингі шығарылып отырады. Есепке алу әскерлердегі жауынгерлік дайындық журналдарында және осы электрондық платформада жүргізіледі. Электрондық жүйеде әр сарбазға жеке рейтинг жасалады», - деп нақтылады Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы.
Ол күзгі әскерге шақыруды конкурстық іріктеуге 2022 жылғы күзгі әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 мыңнан аса сарбазы қатысқанын хабарлады.
«Оның ішінде Қорғаныс министрлігінен – 7 мыңнан астам сарбаз, Ұлттық ұланнан – 6 мыңнан астам сарбаз, Төтенше жағдайлар министрлігі және ҰҚК Шекара қызметінен 3 мыңнан аса сарбаз қатысты», - деп мәлім етті ол.
Ведомство өкілінің айтуынша, аталған жеңілдіктер жастардың әскер қатарына баруға деген ынтасын арттырған.
«Соның мысалы ретінде әскер қатарына шықырылғандар санының биыл 20%-ға артуы осыны айқын аңғартады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан сайын арта түседі деген үміттеміз», - деп қорытындылады ведомство өкілі.