«6400 адам банкрот деп танылды... Берешек сомасы 9 млрд теңгені құрады. 3500 азаматтың қарыздардың мерзімі 5 жылдан астам болған. 3500 адамның проблемалық қарыздарын азайттық. Банкрот деп танылған азаматтардың 645-і –адрестік әлеуметтік көмек алушылар болып саналады», - деп хабарлады салалық министрлік өкілі.

Сондай-ақ қаржы вице-министрі банкрот деп танылған қазақстандықтар қай өңірлердің тұрғындары екені туралы да мәліметті жариялады.

«Ең көп банкрот деп танылған азаматтар Алматы облысы бойынша – 801 адам, екінші кезекте – бұл Жамбыл облысы – 677 адам және де үштікті Алматы қаласының тұрғындары қорытындылайды – бұл 606 адам. Ең аз банкрот деп танылған азаматтар – Ұлытау облысында тұрады, онда 41 адам банкрот деп танылды, екінші кезекте Солтүстік Қазақстан – 114 адам және де Батыс Қазақстан – 127 адам банкрот деп танылды», - деп тізіп шықты спикер.