«Бүгінгі таңда стационарда 3 науқас ем алуда. Жамбыл облысында – 1 науқас, Қарағанды облысында – 2 науқас», - деп нақтылады вице-министр.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, барлық жағдайда күйдіргіні жұқтыруға ауырған жануарларды мәжбүрлі союға және етін бөлшектеуге, тасымалдауға, сақтауға және кәдеге жаратуға қатысу себеп болған. Ал жұқтыру көзі ветеринариялық куәліксіз сойылған ауру мал болғаны анықталды.

Күйдіргі адамнан адамға берілмейтінін атап көрсеткен вице-министр ет және ет өнімдерін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүзеге асырылатын рұқсат етілген сауда орындарында ғана сатып алу, ал жануарларды алдын ала ветеринариялық тексеруден кейін ғана сою керектігін қазақстандықтардың есіне тағы бір салып өтті.