Атап айтқанда, KPMG халықаралық консультанттарының болжаулы есептеулеріне сәйкес, ТМК секторында 1,2 трлн теңге соманың дайын тауарлар импортын алмастырудан 86 млрд теңге көлемінде салық түсімдерінің жыл сайынғы өсімі күтіліп, 48 мың қосымша жұмыс орны құрылып, өңдеу өнеркәсібіндегі орта кәсіпорындардың өндірісі 40%-ке артады деп болжанып отыр.
«Жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алулар саласындағы ағымдағы реттеу қазқұрамның өсуіне жағдай жасап отырған жоқ. Отандық тауар өндірушілердің дамуын тежеп отырған негізгі проблемалар ретінде келесілерін атап өтуге болады: сұраныс кепілдіктерінің жоқтығы, жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық сұранысына мониторинг пен тұрақты тұтыну тауарларын сатып алудың орта мерзімді жоспарларының болмауы, ақырғы өнімнің сапасы мен локализациялау үлесін арттыру үшін ынталандырудың болмауы. Осы орайда ТМК секторының және ШОБ (ОТӨ) әлеуетін ашу үшін өндірістік қуаты және ақырғы өнімді локализациялауы бар нақты және әлеуетті ОТӨ анықтауға; офтейк-келісімшарттарға отыру кезіндегі арбитражға; локализациялау үлесін дамытуды ынталандыруға; қол қойылған офтейк-келісімшарттар бойынша инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг пен түпкілікті бақылауға негізделген жаңа тәсіл қажет; Қазіргі уақытта Ұлттық палата ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, ТМК компанияларымен, ОТӨ-мен бірлесіп тұжырымдама әзірлеуде және форумда сұраныс пен ұсынысты салыстыратын қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларының жаңа талдамалық жүйесін таныстыруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті спикер.
Аталған платформа шеңберінде ТМК кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі шоғырландырылған сұранысына мониторинг бойынша және тау-кен секторының қажеттіліктері үшін жұмыс істеп жатқан/әлеуетті отандық өндірушілерді іздеу жөніндегі функционал қарастырылатын болады.
Барлық мүдделі тараптар жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары бойынша коммуникациялар мен деректерді талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке кабинеттер мен функцияларды пайдалана алады.
«Отандық өндірушілердің қолданыстағы және іске асыруға жоспарланған инвестициялық жобалары бойынша ақпаратты шоғырландыру, сондай-ақ олардың іске асырылуына түпкілікті бақылауды күшейту жоспарлануда. Инвестициялық жобалардың іске асырылу мәртебесі бойынша ақпарат жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдар және ҰКП үшін қолжетімді болады, бұл өндірісті табысты іске қосу мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын неғұрлым сапалы бақылауға және әкімшілендіруге жағдай жасайды», - деп атап көрсетті Амрин.
Сондай-ақ ол алдағы Форум B2B және G2B форматындағы кездесулер кіретін көптеген диалог алаңдарына жағдай жасайтынын атап өтті.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 2000-ға жуық делегат қатысады деп күтілуде.