Ол есірткі полицейлері жабайы қарасора өсетін ареал ретінде әйгілі болған Шу алқабына ерекше назар аударатынын жеткізді.

«Шу алқабын зерттеуге жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрып, 40 млн теңге қаражат бөлінген Жамбыл облысымен. Комиссияның зерттеу нәтижелеріне сәйкес оның белсенді аймағы екі есе азайған. Бүгінгі таңда 60 мың гектардан асады. 148 мың гектар деген, бұл 1989 жылдың мәліметтері», - деп хабарлады ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, ол Шу ауданында 15 жылдан астам «Дельта-Долина» өңіраралық бөлімі әрекет ететінін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл бөлім жеткілікті штаттық санмен, қажетті материалдық базамен қамтамасыз етілген. Арнайы операциялар кезінде «Дельта-Долина» ІІМ, Ұлттық Ұлан және Қорғаныс министрлігінің бөліністерімен күшейтіледі.

«Тек Жамбыл облысының Шу ауданында ғана есірткі әзірлеушілерден 5,6 тонна жаңа шабылған қарасора, 1,4 тонна тұтынуға дайын кептірілген марихуана, сондай-ақ 36,5 кг гашиш тәркіленді»,- деп мәлімет берді спикер.