Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасына сәйкес, биыл шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңартылады.  

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 941 мектепте жаңарту жұмыстары аяқталды.

Биыл шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы мектептер:

• күрделі және ағымдағы жөндеу;

• пәндік кабинеттермен жабдықтау;

• кітапханалар мен асханаларды жаңғырту;

• қауіпсіздік шарттарын жақсарту бағыттары бойынша жаңартылуда.