ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ташкентке жұмыс сапары аясында Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Аида Балаева екі ел арасындағы мәдениет саласындағы өзара сенім мен серіктестіктің жоғары деңгейіне тоқталды.
Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылай келе, министрліктер арасындағы іс-қимылдың нақты қадамдары мен тетіктерін айқындайтын Жол картасын әзірлеуге келісті.
Құжатта көрсетілетін негізгі мәселелердің қатарында екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайту және тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы мәдени мұраны байыту және т.б. бар.
Кездесу соңында министрлер бірлескен қарқынды жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.