Оның айтуынша, қайғылы оқиғаның мән-жайы әлі күнге дейін анықталуда.
«Қайтыс болған кеншілердің отбасыларына жауапты адамдар бекітіліп, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға, төлемақы төлеуге және күнделікті мәселелерін шешуге нақты қолдау көрсетілді. Әр отбасына жеке бардым, оларға көмек көрсету мәселесі тұрақты бақылауда», – деді спикер.
Мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау көрсетілді: барлық 46 отбасы марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне БЖЗҚ-дан біржолғы төлем алды, кәмелеттік жасқа жетпеген балалары бар және жоғары оқу орындарында білім алатын жасы 23-ке дейінгі балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына басқа да қолдау шаралары көрсетіледі.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тарапынан 44 отбасыға 10 жылдық жалақы төленді (2 отбасының есепшотына әлі түскен жоқ). Қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайларының, ата-аналарының кредиттері өтелді. Сондай-ақ компания отбасының әр мүшесіне 18 ш.м. есеппен пәтерлер сатып алады, ал 18 жасқа дейінгі балаларға сақтандыру төлемдері жасалады», - деп атап көрсетті аймақ басшысы.
Осы күні зардап шеккен төрт адам медициналық мекемелерде жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр және жеңіл деңгейде деп бағалануда. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілуде.