Қарағанды облысында туризмді дамытуға арналған 2025 жылға дейін әзірленген бағдарлама бар. Туристер үшін тартымды нүктелер – Балқаш пен Қарқаралы ұлттық табиғи паркі және Қарқаралы ауданындағы «Бұғылы» рекреациялық аймағы. Демалушыларға қолайлы жағдайлар жасау үшін туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.  

Аймақ басшысының айтуынша, биылғы жылы жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден аса инвестиция 110 номерлі сегіз туризм нысанын іске қосу күтілуде. Ал келесі жылы 1,4 млрд теңгеден аса сомаға 7 жоба іске асырылады. 

Сондай-ақ, Балқаш пен Қарқаралы ауданында жаңа жобаларға арнап жер телімдері қарастырылды. 

«Көріп отырғандарыңыздай, бізде жақсы демалатын жерлер бар. Сондықтан, сіздерді біздің облысқа демалуға шақырамын», – деп аяқтады өз сөзін аймақ басшысы.