Қазіргі уақытта осы қызметті қайта құру мәселесімен айналысып жатқан екі басқармасы бар департамент ашылды. Сондай-ақ, Ұлттық гидрогеология қызметінің құрылымы мен жарғылық құжаттары әзірленді, олар жақын арада Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады.
Министрліктің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеология қызметі жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті құзыреттерге ие болады. Жерасты суларын тиімді пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады.
«Болжам бойынша, Қазақстанда жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километрді құрайды, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қорлар. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10% -ды құрайды. Біз ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты су қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді», – деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.