Абай облысында бір жыл ішінде өңірде 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2443 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндаған облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.
Оның айтуынша, облыс бойынша 19 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 2442-сі – көпбалалы отбасылар санатына жататындар.
«Биыл біз, жалпы ауданы 480 мың шаршы метр болатын, 68 көппәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізіп келеміз. Алдағы үш жылға тағы 148 көпқабатты тұрғын үйді іске қосу жоспарланған», - деп мәлім етті Нұрлан Ұранхаев.
Облыс басшысының айтуынша, бұл 6800 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.