Абай облысының басшысы Нұрлан Уранхаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткендей, құжатты әзірлеу ең мықты бейінді кәсіпорындардың бірі – «Астана бас жоспарына» тапсырылды.Біріншіден, Заря ауданы танымастай өзгереді. 72 гектар аумақтағы ескі үйлердің орнына жаңалары салынады. Ол жерде сондай-ақ, жаңа мектеп, Конгресс холл салынып, жолдар тартылады.
Құрылыс аймағына саяжай алаптары да кіреді. Олардың мәселесі қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша шешілетін болады.
«Бұл мәселе бойынша саяжай иелеріен сөйлестік, егер саяжай массивтері қала аумағына қосылатын болса, олар үшін белгілі бір шектеулер болатынын адамдар түсінуге тиіс. Яғни, қазір ені 3 метр көшелер қажетті 6-7, 5 метрге дейін кеңейтіледі. Тиісінше, бұзылуға жататын саяжайлар болуы мүмкін. Адамдар бұған дайын емес. Бас жоспарды әзірлеу кезінде «қоғамдық тыңдау» деген ұғым бар. Қоғамдық тыңдаулар өткізген кезде біз саяжай иелері үшін бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінетін боламыз. Қазір осы мәселелердің барлығы пысықталып жатыр», – деп атап өтті спикер.
Бүгінгі күні Семейде 11 саяжай алабы бар.