Министрлік жүк ағындарын қазақстандық әуежайларға бағыттауды және қайта бағыттауды ынталандыруға әрі тұтастай алғанда елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударып отыр.

Әуежайларда арнайы экономикалық аймақтар құру кең таралған халықаралық тәжірибе. Атап айтқанда, Дубай, Сингапур, Шаннон, Эр-Рияд және басқа да әуе айлақтарында аталған экономикалық аймақтар нәтижелі жұмыс істеп жатыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша Қазақстанның 12 өңірінде арнайы экономикалық аймақтар бар.