Биылғы жылдың 10 айында Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты барлық индикаторлар бойынша жоспар артығымен орындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында есеп беру барысында өңір басшысы Бейбіт Исабаев мәлім етті.

Ол келтірген мәліметке сәйкес, облыс экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 104% деңгейінде болған.

«Әсіресе, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есеге, тұрғын үйді пайдалануға беру – 23%, сауда 1,6 есе өсіп отыр», – деп нақтылады өңір басшысы. 

Жыл басынан бері облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 240 млрд теңгені құраса, оның ішінде жеке инвестициялар – 143 млрд теңге.

Бейбіт Исабаев мемлекеттік бюджетке түсімдер де артқанын жеткізді. Соның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер 25%-ға өсіп, 60 млрд теңгені құрады. Ал республикалық қазынаға 180 млрд теңге салынды.