Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бизнесті дамытуда жастарға қолдау көрсету үшін жылдық 2,5%-пен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікті кредиттер беріледі. Бұл мақсаттарға 180 жас азамат үшін 900 млн теңге қарастырылған.

«Іске асырылып жатқан Ұлттық жобалар шеңберінде жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны ашылды, оның ішінде 13,0 мыңға – тұрақты негізде. Қабылданып жатқан шаралар ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 4,7%  құраған жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға оң әсер етеді», – деді спикер. 

Білім беру саласын қаржыландыру көлемі 17%-ға өсті және үстіміздегі жылы шамамен 180 млрд теңгені құрады. 1 980 орынға арналған 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығында «Iqostanay» оқушылар сарайы ашылды, онда 1 300 оқушы түрлі салаларда өз білімдері мен қабілеттерін дамыта алады.  

«2025 жылға дейін 7500 орынға арналған 9 заманауи мектептің құрылысы жоспарланды, оның 8-і «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі білім беру сапасын арттыру болып табылады: PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша біздің облыс республика бойынша 2-орын, алды», – деп мәлім етті нәтижелермен бөліскен аймақ басшысы. 

Денсаулық сқтау саласын қаржыландыру үштен бірге дейін өсіп, үстіміздегі жылы 109 млрд теңгені  құрады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында желтоқсанда 6 медициналық нысан  ашылады. 2024 жылы 19 медициналық ұйымның құрылысын бастауды жоспарланған.

Жыл басынан бері облысқа 160 дәрігер келді, оның 84-і жас түлек, 76-сы республиканың басқа өңірлерінен тартылды. Қаладағы көтерме жәрдемақы -3,5 млн теңге, ауылда 5 млн теңгені құрайды. 2023-2024 жылдарында кемінде 100 дәрігерді тарту жоспарлануда. 

Әкім атап көрсеткендей, облыста атқарылған іс-шаралар денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің динамикасына оң әсер етеді. Өңірде 1 124 адамға халықтың табиғи өсімі байқалды.