Әкімнің айтуынша, жергілікті деңгейде визит-орталықтар салу, киелі жерлерге және туристік объектілерге жол тарту сынды мәселелер шешіліп жатыр.
«Мамандарды даярлау, жатын орындарын, жүріп-тұру маршруттарын ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік органдардың қолдауымен жеке кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Өзге өңірлерден келген кәсіпкерлердің салған қаражатына Маңғыстау облысының туризм саласында жаңа нысандар пайда болап жатыр. Мәселен, «Өмір глэмпинг». Каспий теңізінің жағасында қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін, азаматтардың жүріп-тұруына, теңіздің ауасын жұтуға, Маңғыстаудың керемет жерлерімен танысудың керемет мүмкіндіктері бар», – деді аймақ басшысы.
Нұрлан Ноғаев жариялаған мәліметке сәйкес, биылғы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысына 180 мың турист барса, соның ішінде 16 мыңы - шетелдік туристер. Демалушылар қатарының артуына өңірге ұшатын рейстер саны мен бағыттарының артуы өз септігін тигізген. Бүгінде облысқа 17 халықаралық және 8 ішкі авиамаршрут қатынайды.