Түркістан облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 3033 нысанды бейімдеу қарастырылған. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 2023 жылға бейімдеуге жоспарланған 607 нысанның 229-ында бейімдеу іс-шараларын жүргізді.
Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында 133 нысанның толық бейімделгені расталды. 96 нысан ішінара бейімделген деп танылды, сонымен қатар 378 нысан қосымша бейімделеді.
Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 90 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 65 – жоспардан тыс тексеру және 25 – профилактикалық бақылау шеңберінде болды.
Тексеру қорытындысы бойынша объектілердің басшылығына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 84 ұйғарым беріліп, 11,9 млн теңге сомасына 64 әкімшілік айыппұл салынды.
Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.
Елімізде 2027 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
Жобада қол жетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуі тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021-2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023-2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуге тиіс. Осы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша 2021-2022 жылдарды қоса алғанда, 11 261 нысан бейімделді.