Ол жариялаған мәліметке сәйкес, жалпы өңірлік өнім 3% өсіммен 4,4 трлн теңгеге жетеді.
«ЖӨӨ-нің ең үлкен үлесі – өнеркәсіптік өндірісте 35%. Ауыл шаруашылығы – 8%, сауда – 16%, көлік және құрылыс – 5%», – деді Ермек Көшербаев.
Әкім үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 9%-ға, ауыл шаруашылығы 5%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 7% - ға, бөлшек тауар айналымы 8%-ға артатынын жеткізді.
«Жұмыссыздық -4,6%. 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның 23 мыңы - тұрақты орын. Орташа айлық 18% - ға өсіп, 305 мың теңгені құрады», – деп нақтылады облыс басшысы.
Ермек Көшербаев облыстың өнеркәсіп саласында 1007 кәсіпорын жұмыс істейтінін және онда 47 мың адам еңбекпен қамтылғанын атап көрсетті. Ал республиканың өнеркәсіп өніміндегі облыстың үлесі 5% құрайды.